23 Сәуір, 2014

Мамыр айындағы демалыс күндеріне өзгерістер енгізілді

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-04-14-mai-1

АСТАНА. 23 сәуір. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өткен аптада «Демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қаулыға қол қойды. Бұл туралы Government.kz хабарлады. Тағы бір естеріңізге салар болсақ, Үкімет қаулысы бойынша, жұмысшыларға ыңғайлы жағдайлар туғызу мақсатында және жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін демалыс күндері – 2014 жылғы жексенбі, 4 мамырдан - жұма, 2 мамырға, ал сондай-ақ, 2014 жылғы жексенбі, 11 мамырдан - бейсенбі,  8 мамырға ауыстырылды. Сонымен қазақстандықтар 1-3 мамыр аралығында және 7-10 мамыр аралығында демалады. Алайда, қаулыға сәйкес, күнделікті өндірісті қаржылық, материалдық өнімдермен қамтамасыз ететін кейбір ұжымдар және басқа да қызмет көрсету салалары кәсіподақ мекемелерінің келісімімен 2014 жылдың 2-8 мамыр аралығында жұмыс істеу құқығына ие. Осылайша мамыр айының алғашқы бөлігінде қазақстандықтар үш бірдей мерекені тойлайды. Олар: 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр –Жеңіс мерекесі. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Government.kz. Фото: mgorod.kz