Қаржы • 14 Маусым, 2022

Ұлттық банк теңгенің нығаюы жайлы түсінік берді

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында теңге бағамының нығаюын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк теңгенің нығаюы жайлы түсінік берді

«Мамыр айында жаһандық қаржы нарықтарындағы тұрлаусыздық пен құбылмалылықтың жалғасуына қарамастан, теңге бағамы бір доллар үшін 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8%-ға нығайды. Ұлттық валютаның нығаюы мұнай мен газдың жоғары нарықтық бағаларымен, экспорттаушылардың салық төлемдерімен байланысты», деді Ғалымжан Пірматов.

Оның айтуынша, валюта нарығындағы ұсыныс квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы есебінен қосымша қолдау тапты, оның көлемі мамыр айында шамамен 598 млн долларды құрады.

«Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады», деді Ұлттық банк төрағасы.