23 Сәуір, 2014

Интернет пайдаланушылар «Байланыс туралы» Заңға өзгеріс енгізуге қарсы шықты

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-14-socseti002

АЛМАТЫ. 23 сәуір. Қазақстандық интернет пайдаланушылар «Байланыс туралы» Заңға өзгерістер енгенін қаламайды. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады. Интернет пайдаланушылар түзетіліп, енді бекітілуге ұсынылған аталған құжатқа Мемлекет басшысының қол қоймауын сұрап, өтініш білдірді. Жалпы, интернет пайдаланушыларға Заңның 41-бабы 1-бөлімінде көрсетілген талап ұнамайды. Бұл бапта әлеуметтік желілерді қолданатын бір адам заң бұзушылыққа барса,  сол үшін соттың шешімінсіз-ақ бүкіл желіні жауып тастауға құқық берілген. Түсіндіре сөйлесек, «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!» дейтін кеңестік кезеңде жиі айтылатын қағида ортамызға қайта оралғандай. Көптеген адамдар  әлеуметтік желілер тиісті орындар тарапынан дәлел-дәйексіз, кінәсі түбегейлі тексерілместен жабылуы мүмкін деп күмәндануда. Сондықтан, интернет пайдаланушылар «Байланыс туралы» Заңға енгізілген өзгерістердің қайта қаралғанына мүдделі. Олар бір адамның заңға қайшы әрекетінің кесірінен бүкіл әлеуметтік желі зардап шекпеуі керек, яғни, желілерде «желдей есіп» түрлі жағымсыз әрекеттерге барған адамның жеке өзі жазалануы тиіс дейді. Естеріңізге сала кетейік, түзету енгізілген «Байланыс туралы» Заңды Парламент сенаты мақұлдап, 2 сәуірде қол қоюға Президентке жолдаған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Экспресс К». Фото: Antivirus.ua.