Оқиға • 14 Маусым, 2022

Семейде көпқабатты үй өртенді

1289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде көпқабатты үй өртенді

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласының Физкультура көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Алтыншы қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар өртенді.

«Оқиға орнына жедел келіп, 6-қабатқа дейін автосатыны ашып, өрт сөндірушілер 2006 және 2008 жылы туылған екі баланы құтқарды. Улану белгілері болғандықтан, олар медициналық мекемеге жеткізілді. Тағы 34 тұрғын, оның ішінде 14-і балалар, баспалдақ маршы арқылы құтқарылды. 1980 жылы туған, балаларына көмектесуге тырысқан пәтер иесі күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері қауіпті аймақтан 50 адамды, оның ішінде 16 баланы эвакуациялады. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды», делінген баспасөз хабарламасында.