Қазақстан • 14 Маусым, 2022

Жаңа облыстардың тұрғындарына қайта тіркелудің қажеті жоқ

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа облыстардың салық төлеушілеріне салық органдарында қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа облыстардың тұрғындарына қайта тіркелудің қажеті жоқ

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Жаңа облыстардың заңды тұлғаларына, жеке кәсіпкерлеріне, жеке тұлғаларына қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ. Өйткені, ақпараттық жүйелерде салық төлеушілерді қайта тіркеу автоматты түрде жасалады. Сондай-ақ бақылау-касса машиналары (БКМ) тіркелген мекенжайлар да автоматты түрде жаңартылады.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер күшіне енген соң, мемлекеттік кірістер органдарының жаңартылған кодтары https://kgd.gov.kz интернет порталында жарияланады. Жаңа кодтар салық есептілігін тапсыру және салықтарды төлеу үшін қажет.