Оқиға Даллас округі Дунканвилл қаласындағы Duncanville Fieldhouse спорт кешенінде болған. Онда 4-14 жас аралығындағы 250-ге жуық бала болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Атыс басталғаннан кейін балалардың бір бөлігі қауіпсіз аймаққа шығарылған.
Қарулы ер адам жастар спорт орталығының ғимаратына кірген. Кіреберісте оған күзет қызметкері қарсылық көрсеткен. Бұдан соң, қарулы ер адам балалар отырған сыныптың ішімен өтіп, басты спортзалға кірген. Сол жерде полицейлер оны атып өлтірген. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, ол алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.
Аяна Тоғанбек