ЭКСПО шежіресі: Сиэтл, 1909 жыл
АҚШ-тың Сиэтл қаласында 1909 жылы өткізілген Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің басты мақсаты – Тынық мұхиты солтүстік-батыс өңірінің дамуын және қол жеткізген жетістіктерін төрткүл дүниеге паш ету еді. Алғашқы кезеңде бұл айтулы халықаралық шараны 1907 жылы Клондайк алтын алашапқынының 10 жылдығына арнап өткізу жоспарланған болатын. Алайда, Халықаралық көрмені ұйымдастырушылар нақ сол жылы америкалық Джеймстаун қаласында ірі көрме өткізілетіндігін ескеріп, Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесін 1909 жылға шегерді. Штаттың заң шығаратын жиналысы егер көрмені өткізу барысында озық архитектуралық үлгідегі 4 ғимарат салынатын болса, оған басқа штаттар қаржы бөлетін болса, онда Бүкіләлемдік көрмені өткізуге рұқсат беретіндіктерін мәлімдеді. Сөйтіп, Американың бірқатар штаттары Халықаралық көрмені ұйымдастыруға қаржылай көмек көрсете бастады. Мәселен, Сиэтл қаласы орналасқан Кинг округі көрме қалашығында бөренеден құрастырылған үлкен үй салу үшін 300 мың доллар қаржы бөлді. Нағыз алтын Клондайк Канадада қоныс тебуіне байланысты көрме атауына – «Аляска – Юкон жәдігерлері» деген тұжырым жалғанды. Көрме қалашығы ғимараттарын жоспарлау және салу үшін Массачусетс штатынан «Ағайынды Бруклиндер» атты фирма таңдап алынды. Бұл фирма бұдан бұрын да Сиэтл қаласының саябақтары мен гүлзарларын абаттандыруға атсалысқан болатын. 1906 жылы аталмыш фирма көрменің негізгі құрылыстарын тұрғызатын алаңды белгіледі. Болашақ көрме қалашығы қаланың оңтүстік-шығысында қоныс тепкен Гора Рейнир деген жерге орналасатын болды. Көрме қалашығының бас архитекторлығына «Джеймс Фредрик Доусон» фирмасының сәулетшілері белгіленді. Көрме қалашығы қоныс тепкен алаңда шетел мемлекеттерінің ішінде тек Жапония мен Канада ғана өз құрылыс нысандарын тұрғызды. Осының өзі-ақ көрме атауындағы «тынықмұхиттық» деген тұжырымды ақтады. Сонымен бірге, көрме қалашығында америкалық бірқатар штаттар құрылыс ғимараттарын тұрғызды. Ал көрмеге қатысушы басқа шетелдер өздерінің құрылыс нысандарын салған жоқ. Кинг округі көршілес Ньюкасльде орналасқан көмір шахталарының орасан зор модельдерін жасап, көрме тақырыбын байытуға үлкен үлес қосты. Көрмеде тек өнеркәсіп тақырыбына ғана басымдық беріліп қойған жоқ. Сонымен бірге, америкалық Батыс өңірлерді игерудегі әйел рөлін көрсетуге ерекше мән берілді. Мәселен, көрмеге келушілерді арнайы жабдықталған Әйел павильоны ерекше қызықтырды. Мұнда Америка құрлығын игерудегі нәзік жандардың үлесі, сонымен бірге, қайырымдылық қызметін көрсетудегі әйелдердің рөлі ерекше көрініс тапты. 1909 жылғы 1 маусымда көрме қалашығының есігі айқара ашылды. Мерекелік салтанатқа жиналған жұртшылық әскери-теңіз күштерінің оркестрі орындаған әуезді музыкаға тәнті болды. Көрме қалашығының орталық алаңындағы жұртшылық Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің салтанатты ашылу рәсімін тағатсыздана күтті. Түске таман АҚШ-тың 27-ші президенті Уильям Говард Тафт Вашингтон қаласындағы Ақ үйдің Шығыс залынан көрменің ашылғандығы туралы белгі берді. Ол Клондайк алтын кен орындарынан қазып алынған алғашқы алтын құймаларынан жасалған телеграф құлағын бұрап, Сиэтлдегі Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің ашылғандығын жария етті. Сол-ақ екен 21 зеңбіректен салтанатты салют беріліп, көрме жалауы желбіреді. Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің ашылу салтанатына сәйкес бұл күн қалалық мереке деп жарияланды. Көрме қалашығында өткен салтанатты шараларға 80 мыңнан астам адам қатысты. Қала басшылығы мереке күндері көлік қатынасының мүлтіксіз жүруі үшін барлық мүмкіндіктерді жасады. Көрме жалауы желбіреген 5 ай ішінде мұнда келген қонақтар қалашықтағы көлік, тұрмыстық және басқа да қызметтердің ерекше жоғары дәрежеде ұйымдастырылғандығына куә болды. Мұнда келген туристерді көрме павильондарындағы мәдениет және өнер жетістіктерін көрсететін жәдігерлер қызықтырды. Сонымен қатар, олар этностық топтар мен диаспоралардың тұрмыс-тіршілігіне арналған павильондарды да көптеп тамашалады. Сиэтл қаласындағы Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесі 1909 жылдың 1 маусымынан бастап 16 қазанына дейін жалғасты. Осы уақыт ішінде көрмені 3,7 миллион адам тамашалады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ. «Егемен Қазақстан».Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
