Әлем • 15 Маусым, 2022

Маймыл шешегі әлемнің 39 елінен анықталды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маймыл шешегі әлемнің 39 мемлекетінен анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сайтына сілтеме жасап.

Маймыл шешегі әлемнің 39 елінен анықталды

ДДҰ әлемде маймыл шешегінің тарау жағдайын талқылау мақсатында төтенше комитет өкілдерінің басын қоспақ.

ДДҰ-ның Бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус маймыл шешегінің тарау қарқыны алаңдатарлық жағдайда екенін айтты. Комитет мәжілісінде маймыл шешегінің әлем тұрғындарына қауіпі талқыланды. 

Халықаралық ұйымның бас директорының сөзінше, ДДҰ өкілдері маймыл шешегінен жаппай вакциналанудың қажеті жоқ екенін айтып отыр.

Жыл басынан бері әлемнің 39 мемлекетінде аталған дертті жұқтырғандар саны 1,6 мың адамды құрап отыр, тағы 1,5 мың адам ауруды жұқтыруы мүмкін деген болжам бар.

Осыған дейін маймыл шешегін жұқтырғандар саны Еуропа мен Солтүстік Америкада 780-ге дейін көбейгені айтылды.