Ауыр атлетика • 15 Маусым, 2022

Жасөспірімдер арасында дара шықты

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Мексиканың Леон қала­сында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Жасөспірімдер арасында дара шықты

Жарыстың кезекті күнінде 67 килода сынға түскен жерлесіміз екі бағдарламада да үздік шығып, әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды. Ерасыл Сәулебеков жұлқа көтеруде 123 кило зілтемірді еңсерсе, серпе көтеруде 158 килоны бағындырды. Сөйтіп, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 281 киломен Мексикада Қазақстанның Әнұранын шырқатты. Екінші орынды жерлесімізден үш кило (278 кг) кем көтерген түркиялық Алааддин Саин иеленсе, қола жүлде поль­шалық Бартош Бурскикеге бұйырды. Ол қоссайыс­та 269 килоны (116+153) басынан асыра көтерді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрама­сының жасөспірімдер арасындағы әлем чем­пионатындағы алғашқы алтыны және үшінші медалі. Бұған дейін қыздар арасындағы 40 килода сынға түскен Александра Беленко мен ерлер арасындағы 55 килода Ерасыл Омаров әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған болатын.