Қыздар арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы бұл аптадағы рейтингте 21-орнын сақтап қалды. Зарина Диас күн озған сайын рейтингте төмен құлдырап барады. Кезінде ТОП-10 теннисшінің қатарына кіруге уәде берген ол қазіргі таңда 199-орында тұр. Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина 21-сатыда келеді. Жібек Құламбаева 280-нен 273-орынға көтерілді.
Ерлер рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бес саты жоғарылап, 37-орынға жайғасты. Сондай-ақ Михаил Кукушкин де бес сатыға көтеріліп, 161-орынға тұрақтады. Жұптық рейтингте Қазақстан өкілдерінің ішіндегі ең үздігі – Андрей Голубев. Алайда ол алдыңғы аптамен салыстырғанда бірден 14 саты төмен сырғып, 41-орынға тұрақтады. Александр Недовесов 61-орынға, ал Григорий Ломакин 239-орынға ие болды.