Футбол • 15 Маусым, 2022

Аустралия да Қатарға барады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Аустралия құрамасы биыл жыл соңында Қатардың астанасы – Дохада өтетін футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Аустралия да Қатарға барады

Азия құрлығында өнер көрсететін Аустралия футболшылары құрлықаралық іріктеу ойынын Оңтүстік Америка өкілі Перумен өткізіп, матч соңындағы пенальти сериясында басым түсті. Сөйтіп, әлем чемпионатының 31-ші жолдамасына ие болды. Қатардың Аль-Райан қаласындағы «Ахмед бин Али» стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталып, ойын соңындағы 11 метрлік айып добын орындауда Аустралияның бағы жанды – 5:4.

Енді әлем чемпионатының соңғы жолдамасын тағы бір құрлықаралық іріктеу ойын­да Коста-Рика мен Жаңа Зеландия құра­малары сарапқа салады. Әлем чемпионаты 21 қараша мен 18 желтоқсан ара­лығында Қатарда өтеді.