Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Емберді 73 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша алға шықты.
Екінші орын өзбекстандық Диорбек Эрматовқа бұйырса, үздік үштікті Канададан келген Брайан Ибаньес Герреро түйіндеді.
Еске салайық, осыған дейін Ерасыл Сәулебеков (67 келі) әлем чемпионы атанса, Ерасыл Омаров (55 келі) пен Александра Беленко (40 келі) турнирдің қола жүлдесімен марапатталды. Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі маусым айының 18-не дейін жалғасады.