Аймақтар • 15 Маусым, 2022

Алматыда «Жаратылыснама» даналық академиясының дәрісханасы ашылды

469 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Алматы теміржол көлігі колледжі» жанынан ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан «Жаратылыснама» даналық академиясының дәрісханасын ашты, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда «Жаратылыснама» даналық академиясының дәрісханасы ашылды

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құру идеясын қолдау мақсатында ақын «Жаратылыснама» даналық академиясын ашып, ағартушылық авторлық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 

.

Дәрісхананың ашылу салтанатына Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Абай Арап, Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан Арман Қалыбеков, Алматы қалалық «Аманат» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев, Алматы қаласы мәслихатының депутаты,  Д.А.Қонаев атындағы атындағы колледж директоры, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Райхан Бөлекбаева, ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының идеологиялық және имидждік жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жакиянов Елнар, ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Болат Жүнісбеков, Меценат, «Атамекен» қаржылық өнеркәсіп тобының басшысы, мемлекеттік «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Ұзақбай Рүстем, Ғалым, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унверситеті «Тұран-Иран» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Ислам Жеменей, Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова, «Құрмет» орденінің иегері, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Вавилин Вячеслав, Ассамблея мүшелері Абдухалил Долкунтай, Асматов Ершат, № 187 балабақшасының директоры Фарида Омарбекова, Алматы темір жол көлігі колледжінің директоры Алмас Қалиев, «Тұлға-Достық» клубының мүшелері, кәсіпкер азаматтар Арман Сарынов, Асылбек Құсайынқазы, Айдын Хайдар, т.б.  зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары, ғалымдар мен мамандар мен жастар қатысты.

.

Академия мақсаты - адамдардың көңілдерін пендешілік сезімдерінен тазартып, адамгершілік ізгілік сезімдерін ояту, ойлау қабілетін жетілдіру, адамгершілікке, парасаттылыққа, даналыққа тәрбиелеу. Қоғамдағы әртүрлі ұстанымдардың ақ-қарасын түсінуге, қарым-қатынастарды дұрыс жолға қоюға бағдар беретін,  адастырмайтын, рухани күш сыйлау. Адам баласына ортақ атаққұмарлық, дүние құмарлық, мансапқұмарлық сынды үш құмарлықтан арылту.

Барын басқамен бөлісетін, тұтас ғаламның қамын жейтін, бақытты ғұмыр сүретін «Жаратылыстық» шеңберге,  жетінші кемелділік шеңберіне (жоғары санаға) көтерілуіне жол көрсету.