Президент • 15 Маусым, 2022

Президент: Қазақстан олигополиядан толық арылуы керек

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасының журналисі Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Қазақстан олигополиядан толық арылуы керек

Президенттің айтуынша, Қазақстан экономика саласындағы фаворитизмнен алшақтауы тиіс.

«Елде әлеуметтік әділеттілік болуы тиіс. Әрине, мен утопист немесе қиялшыл емеспін, бұл бір күн, бір ай немесе бір жылдық жұмыс емес екенін түсінемін. Бірақ бұған ұмтылу керек, себебі халық әділеттілікті қалайды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, оның Президент ретіндегі міндеті - Қазақстан азаматтары үшін әділеттілікті қамтамасыз ету.

«Әлеуметтік иерархияда барлығы тең болуы керек. Қалай болғанда да әлеуметтік лифт жұмыс істеуі қажет. Біз мемлекеттік лауазымдарға, ұлттық, мемлекеттік компаниялардағы белгілі бір лауазымдарға өте қабілетті, патриоттық рухы бар адамдарды таңдауымыз керек. Бұл депутаттарды сайлауға да қатысты», деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы ретінде Парламент сайлауының нәтижесіне тікелей әсер ете алмайтынын айтты.

«Менің міндетім - қоғамнан өз орнын таба алатын және болашаққа оптимистік көзқараспен қарайтын саяси атмосфераны құру», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.