Бүгін, 15 маусымда Брюссельде НАТО елдерінің қорғаныс министрлерінің отырысы өтеді. Кездесу алдында альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаға жаңа әскери көмек көрсету қажеттілігі туралы айтты.
«НАТО украин армиясын посткеңестік қару-жарақтан альянстың қаруына ауыстыру жоспарын дайындауда», деді бас хатшы Йенс Столтенберг.
Айта кетсек, Ресей Президенті Владимир Путин мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Ресей-Украина әскери қақтығысын талқылады.
Си Цзиньпин өз сөзінде мүдделі тараптардың әрқайсысы Украинадағы дағдарысты дұрыс шешуге ықпал ететін ұстанымда болуы керек екендігін айтты.