Қазақстан • 16 Маусым, 2022

Қазақтың болмысына жақын жиын

913 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жалпы құрылтай дегеніміз – қазақтың дүниесіне, болмысына жақын құбылыстардың бірі. Ұлттық құрылтай деген ұғымның өзі қазақ халқына жақын, жылы сөз. Бұл – елді біріктіретін сөз. Себебі бұл ұғымда дала демократиясының ажырамас бір бөлігі жатыр.

Қазақтың болмысына жақын жиын

Кезінде тарихымызда ел басы­на күн туған заманда ел­дің бетке ұстар азаматтары жи­налып, құрылтайда елде туын­даған мәселелерді көтеріп, дер кезінде шешіп отыр­ған. Сон­дықтан да бұл дала де­мокра­тиясына жататын қазақ­қа жақын дүниелердің бірі.

Қазіргі құрылып жатқан құрыл­тайдың жауапкершілігі ора­сан, одан халықтың күтіп отыр­ған үміті де зор. Бүгін­гі таңда әлемдегі геосая­си жағ­дай да күрделі. Мемлеке­тіміз­де «Екінші республика», «Жаңа Қазақстан» ұғымдары пайда болып, реформалар жүріп жатыр. Осындай кезең­де елді толғандырған мәсе­лелер құрылтайда елге танымал тұл­ғалармен көтеріліп, шешіл­гені – бірлігімізді арттыратын дұрыс бағыттардың бірі. Құрылтай құрамына енген тұлғалардың тізімін қарасаңыз, әртүрлі саланың өкілдері бар, ғалымдар да, депутаттар да, жас саясаттану­шылар да, қоғам белсенділері де, жалпы елге танымал адам­дар осы құрылтайға мүше бол­ды. Осы жерде елі­мізді тол­ған­дырып жүрген мәселе­лердің барлығы құрылтайда көтеріліп, нақты шешу жолдары ұсынылып, Үкі­метпен тығыз жұмыс істеп, олар тарапынан тиісті іс-ша­ралар қабылданатын, түйткілді мә­селелер шешілетін бір құры­лым болары сөзсіз.

Мемлекет басшысының бас­­­та­масымен құрылғаннан ке­­йін Ұлттық құрылтайдың Қа­­зақ­­­­стан заңдарының шең­бе­­рін­де нақ­ты әрекет ететін мүм­­кіндіктері пайда болады. Құ­­рыл­­тайда қазіргі кездегі эко­­­но­­микалық мәселелер, қо­ғам­­­дық үйлесім, Жаңа Қа­зақ­стан қай бағыт­та дамуы керек, еліміз­дегі әлеу­меттік мәселелер қарас­тыры­лып, Президент жа­нындағы кон­суль­тативтік-кеңесші орган Қазақ­станның ұзақмерзімді даму перспективаларын анық­тай­тын құрылымға айналады деп сенемін.

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ,

саясаттанушы