Футбол • 16 Маусым, 2022

«Тобылдың» қарсыласы анықталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чемпиондар лигасының жаңа мау­сымына қатысатын Қостанайдың «То­былы» жеребеге сай алғашқы ай­на­­лымда Мажарстанның «Ферен­ц­ва­рош» клубымен кездесетін болды.

«Тобылдың» қарсыласы анықталды

Іргетасы 1899 жылы қаланған Будапешт қаласының клубы бүгінге дейін Мажарстан чемпионатында 33 мәрте топ жарған. Сондай-ақ 24 мәрте Мажарстан кубогында жеңімпаз атанған, 6 рет суперкубок додасында дара шыққан. 1964 жылдан бері Еурокубок бәсе­келерінің тұрақты қатысушысына айнал­ған «Ференцварош» 1964-1965 жылғы фут­бол маусымында бұрынғы Жәрмеңке кубогы, қазіргі Еуропа лигасы турнирінде жеңімпаз атанған. Әзірге бұл Мажарстан клубтары арасындағы Еурокубокта атой салған жалғыз команда.

«Ференцварош» қазіргі таңда УЕФА рейтингінде 101-орында тұрса, «Тобыл» 310-сатыға жайғасқан. Команданы 58 жас­тағы ресейлік маман Станислав Черчесов жаттықтырады. «Тобыл» мен «Ференцварош» клубтары арасындағы бірінші айналымның алғашқы матчы 5 шілдеде Қостанайда, қарым­та кездесу 12 шілдеде Будапештте өтеді.