Жарыстың бірінші ракеткасы ретінде тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге бастапқы кездесуін испаниялықтар – Аиноа Атуча-Гомес пен Кармен Галлардо Геварамен өткізді. Қазақстандық-ресейлік жұп 57 минутқа созылған матчта 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. А.Данилина мен А.Тихонова жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін болгариялықтар – Алекса және Лия Каратанчевалармен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Блуа (Франция) челленджер турнирінің екінші айналымында осы жарыстың жетінші, әлемнің 184-ракеткасы сербиялық Никола Милоевичпен кездеседі. Бірінші айналымда ол аргентиналық Факундо Диас Акостаны 6:4, 7:6 (7:2) есебімен тізе бүктірді.