– Бұрын Атырау қаласында біржылдық петуния мен барқыт шөп егілуші еді. Енді биыл көпжылдық раушан гүлі мен гибискус егуді қолға алдық. Бұл қыста – 25 градус аязға төзімді, аптап ыстыққа шыдамды келеді. Қазір француздық раушан гүлі М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының алдында, Фариза Оңғарсынова ескерткішінің маңында, Х.Доспанова атындағы әуежайда, «Исатай-Махамбет» орталық алаңы мен «Алмагүл» шағын ауданында өсіп тұр, – дейді Леонид Задерный.
Оның айтуынша, көпжылдық раушан гүлі мен гибискусты егу арқылы қаржы да, уақыт та үнемделген. Бұрын Шымкент пен Ташкент қалаларынан раушан гүлінің әр талы 500-700 теңгеден сатылып алынған. Бірақ гүлдің дені жерсінбеген.
– Атыраудың топырағы сортаң болғандықтан, гүлдің тамыр жаюы қиын. Оның үстіне бұл өңірдің ауа райы құбылмалы болады. Қыс мезгілінде үсіп кетпес үшін әр түп гүлдің бетін жабу керек. Гүл де климатқа бой үйрете алмай, «ауырып» қалады, – дейді жоба жетекшісі.
Қазір 60 адам Атырау қаласындағы раушан гүлін күтіп-баптайды. Енді жыл сайын 18 мың раушанның саны көбеюі мүмкін.
Атырау облысы