«Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Осы кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өтіп, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екенін айтты.