Оқиға • 16 Маусым, 2022

Оралда жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында «Лада Калина» көлігі мен мотоцикл соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 16 маусымға қараған түні сағат 23.50-де Самара-Шымкент автожолында Теректі ауданы Подстепный ауылы бағытында болды.

«Полиция бекетіне жетпей болған жол апатынан мотоциклдің 1988 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жеңіл көліктің 1977 жылғы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен және сүйек сынықтарымен ауруханаға жеткізілді. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Көліктердің қандай жылдамдықпен жүргені, басқа да мән-жай тергеу барысында анықталады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген 1977 жылғы ер адамның алдын ала диагноз бойынша омыртқасы сынған.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20