Қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Абдраманов олардың екеуі Алматыда пәтер жалдап тұрғанын, ал үшіншісі оларға қонаққа келгенін атап өтті.
Қару-жарақ дүкені тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан, ал жас жігіттер жағдайды пайдаланып, ұрлық жасауға шешім қабылдады.
Полиция деректеріне қарағанда, жігіттер көзге түскен барлық қаруды ұрлап, Шымкентке қаша жөнелді.
Олар «Сайга» аңшылық мылтығының 2 данасы мен 70 патронды сатса, тирге арналған мылтықты өздеріне қалдырған.
«Дерек ҚР ҚК-нің 291-бабы «Қару ұрлау» бойынша СДТБТ-де тіркелді. Күдіктілердің үшеуі де Түркістан облысының тұрғындары. Қазір олар қамауда», деді Дәулеткелді Әбдіраманов.
Департаменттің бас тергеушісі заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын атап өтті.