Парламент • 16 Маусым, 2022

Квазимемлекеттік сектордың функцияларын бәсекелі ортаға беру керек - Мәулен Әшімбаев

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат отырысында Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру мәселесінде жекешелендірудің маңызы зор екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Квазимемлекеттік сектордың функцияларын бәсекелі ортаға беру керек - Мәулен Әшімбаев

«Қазір жүргізіліп жатқан жекешелендіру жұмыстарын әрі қарай да қарқынды түрде жалғастыру қажет. Квазимемлекеттік сектордың біраз функцияларын бәсекелі ортаға беру керек. Ең бастысы, жекешелендіруге қатысты барлық жұмысты ашық әрі әділ жүргізген жөн», деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол жалпы ел экономикасын дамыту үшін мемлекеттік сектордың ондағы үлесін төмендету негізгі қадам екеніне назар аударды.

«Бүгінде мемлекеттік сектордың экономикадағы үлесі кем дегенде 40 пайызды құрайды. Осы көрсеткішті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің орташа деңгейіне дейін төмендетуіміз керек. Бұл – біздің стратегиялық міндетіміз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты табанды әрі жүйелі түрде жүргізуіміз қажет», деді Сенат Спикері.

Айта кетейік, бүгін Палата отырысында сенаторлар Үкіметтің және Есеп комитетінің 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін тыңдады.

Аяна Тоғанбек