Қазақстан • 16 Маусым, 2022

Қазақстанда TikTok For Business платформасы таныстырылды

159 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпараттық технологиялардан хабардар осы заманның оқырманы TikTok-тың – әлемде миллиардтан астам адам пайдаланып отырған шығармашылық және өзін-өзі көрсету, ойын-сауық және жаңалықтарға арналған бейне-платформа екендігін біледі. Осы TikTok біздің елімізде брендтердің шығармашылық әлеуетін ашуда және маркетингке қатысты көзқарасты қайта қарастыра отырып, TikTok For Business платформасының тұсауын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда TikTok For Business платформасы таныстырылды

Сонымен биыл Қазақстандағы TikTok төмендегі бағыттар бойынша стратегиялық күш-жігерін жұмсауды жоспарлап отыр. Мәселен, TikTok Қазақстандағы платформа креаторларын біріктіру және оқыту үшін дарындарды дамыту бағдарламасын іске қосқан.

Оған қоса платформадағы контенттің алуан түрлілігін ынталандыратын әлеуметтік маңызы бар, танымдық және мәдени бастамаларды құру үшін мамыр айында платформа #ТикТокҚазақстандаҮйрен жобасын іске асырды. Ол қазірдің өзінде аудитория арасында танымал болды және танымдық бейнероликтердің 35 миллионнан астам қаралымын жинады.

Қазақстандағы бизнестің платформаға деген үлкен қызығушылығын көрген TikTok жергілікті компанияларға креативті және тиімді жарнама форматтары мен құралдарын меңгеруге көмектесе отырып, қоян-қолтық жұмыс істеуді қолға алмақ. Атап айтқанда, Қазақстанда IT-индустрия мен электрондық коммерцияның белсенді дамуын ескере отырып, TikTok For Business осы индустриялардың бизнесімен ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.

«TikTok for Business платформасының бір ерекшелігі – бұл бизнеске жарнамалық хабарламаларды аудиторияға жеткізумен ғана шектеліп қоймайды: пайдаланушылармен бір тілде сөйлесу арқылы брендтер олардың сенімі мен сүйіспеншілігіне ие бола алады. Біз бизнеске олардың міндеттерін барынша тиімді шешуге мүмкіндік беретін шешімдерді табуға көмектесеміз. TikTok for Business құралдарының кең жиынтығы кез келген мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді: жаңа өнімді нарыққа шығарудан бастап сатылымды арттыруға дейін. Біз қазақстандық компанияларға TikTok мүмкіндіктерін ашуға және бізбен серіктестікте өз бизнесінің көрсеткіштерін арттыруға көмектескіміз келеді», дейді Global Business Solutions, Шығыс Еуропадағы TikTok Бас директоры Анастасия Панина.

Осы арада TikTok For Business ықпалының арқасында компаниялар жарнамаға деген көзқарасын қайта қарастырып отырғанын айта кеткен жөн. Пайдаланушылар дәстүрлі жарнамадан жалыққан және үрдістерді ұстанатын, шығаратын және эксперимент жасаудан, шынайы және ерекше болудан қорықпайтын компанияларды бағалайды.