Әлем • 16 Маусым, 2022

Тағы бір елде маймыл шешегі анықталды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Тағы бір елде маймыл шешегі анықталды

«Індет жұқтырған науқас жұқпалы аурулар клиникасына жүгініп, емдеу курсынан өтіп, үйіне жіберілді», делінген ВАК хабарламасында.

Маймыл шешек вирусын жұқтырған адамның қызуы көтеріліп, тұла бойы қалтырап, ауырады. Дерт ушықса, адамның денесі мен беті бөртіп кетеді.

Мамандардың сөзінше, бұл инфекция шешек ауруына ұқсайды, бірақ оған қарағанда жеңіл өтеді.