Президент • 16 Маусым, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында «Жошы хан» тарихи-мәдени  кешеніне арнайы барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды

Мемлекет басшысы «Жошы хан» кесенесіне зиярат етті.

Еске сала кетейік, бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды.

Кеше Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай құру туралы жарлығы жарияланды. Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар.