Экономика • 16 Маусым, 2022

Доллар бағамы өсті

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар бағамы өсті

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар құны 3,59 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 442,17 теңге.

Ұлттық банктің 16 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 438,43 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 440,98 теңге, сатып алу – 445,60 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату – 442,86 теңгеден болса, сатып алу құны – 445,50 теңге.