Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов брифингте сөйлеген сөзінде Елбасының өзі төрағалығын атқаратын ҚХА XXI сессиясындағы негізгі ойдың еліміздің дамуының басты факторы саналатын Қазақстан халқының бірлігі болғанын, сонымен бірге, сессияда Ата Заңымыздағы басты қағидаттардың бірі ретінде көрсетілген ұлтына, нәсіліне, наным-сеніміне қарамастан, барлық қазақстандықтардың тең құқылы екендігіне мән берілгенін айтты.
Бұл елімізде тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күннен сақталып келеді және бұдан былай да сақтала бермек, деген шешен Қазақстанның әрі қарай өркендеуінде, оның ішінде негізгі мәселеде – қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауда мемлекет қана емес, этномәдени ұйымдардың, азаматтық қоғамның, саяси партиялардың басшылары мен әрбір азаматтың жауапкершілігі мықты болуы тиістігін атап көрсетті. Өйткені, қоғамдық келісім қандай қаулымен, бұйрықпен сақталмайды, ол оны сол қоғамның әрбір мүшесі қабылдап, қолдағанда ғана жүзеге асады.
Бұл ретте, Елбасы еліміздің этносаралық және қоғамдық қатынастардағы келісіміндегі ерекше орнын, ел бірлігін сақтаудың негізгі факторы ретінде ҚХА-ның рөлін нақпа-нақ айтып берді. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының Ассамблея алдына тапсырмалар қойғанын, оның ішінде ҚХА қызметін жетілдіруде, жандандыра түсуде арнайы құрылымды құру қажеттігі туралы тапсырылғанын жеткізді. Ол республикалық және аймақтық деңгейдегі жұмыстарды бір жүйеге түсіруге бағытталмақ екен.
18 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды ҚХА жылы деп жариялағанын білесіздер. Бұл өте маңызды және біз үшін нышандық мәні бар мәселе. Себебі, келесі жылы ҚХА-ның құрылғанына және Қазақстан Конституциясына 20 жыл толады. Бұл шараға біз қазір дайындықты бастап кеттік. Ел бiрлiгiнен, қоғамдық келісімнен асқан ешқандай құндылық жоқ, бірлігі бар елдiң экономикалық және әлеуметтiк мәселелерi шешiлiп, бірлік елдің тұрақты дамуының кепiлi болады, деген Е.Тоғжанов «Бейбітшілік пен келісім жол картасының» қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқанынан журналистерді хабардар етті.
Өткен сессияда Төрағаның орынбасары болып тағайындалған Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков өз жұмысын үш бағытта жүргізетінін мәлім етті. Мүмкіндікті пайдаланып, өзін осы орынға ұсынған жандардың барлығына, Елбасына өзіне сенім көрсеткеніне алғысымды білдіремін, деген Төрағаның орынбасары: «Жүктелiп отырған жауапкершiлiктiң зор екендiгiн сезiнемiн. Бұл менің Сенат депутаты, ҚХА мүшесі, Төраға орынбасары ретінде ғана емес, Қазақстан азаматы болғандықтан атқаратын жұмысым деп білемін. Ал осы ретте өз қимылымды үш бағытта жүзеге асырмақпын. Бiрiншiсі – ҚХА-ның аймақтағы жұмысын жандандырып, олардың қызметтерін методологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету. Екiншi бағыт – Елбасы ұсынған «Мәңгiлiк Ел» тұжырымын жан-жақты насихаттау. Атап айтар болсақ, шекара маңында, Ресейдің Қазақстанмен шектесетін облыстарында миллионға жуық қазақ тұрады. Ниетім – солардың арасында «Мәңгiлiк Ел» идеясының гуманистік ойларын түсiндiру. Менің ойымша, біз ресми белгіленген шекарадан шығып, этностық қазақтардың тарихи Отандарындағы іс-тәжірибесін насихаттауға тиіспіз. Үшіншісі – Еуразия ұлттық университеті жанынан ҚХА кафедрасы құрылған болатын. Енді еліміздегі ЖОО-лардың бірқатары осындай кафедралар құру ниетін білдіруде. Сол себепті, республикамыздағы ЖОО-лар жанынан осындай кафедралар ашып, олардың жұмысын дамытып, методология, ғылыми-зерттеу тұрғысында еңбектену», деді А.Башмаков.
Келесі кезекте ол қазіргі күні осындай кафедра Көкшетауда құрылғанын айтты. Ал алдағы уақытта Қостанай, Петропавл қалаларындағы ЖОО-лар ашуға дайындалып жатыр екен. Сондай-ақ, толеранттылық пен қоғамдық келiсiмдi ғылыми тұрғыда негiздеуге бағытталған ЖОО-лар жанындағы ҚХА кафедралары қауымдастығын құру жоспарланып отырған көрінеді. Осы үш бағытта жұмыс атқармақпын, дедi А.Башмаков.
Келесі кезекте сөз алған ҚХА-дан Мәжіліске сайланған 9 депутаттың бірі Надежда Нестерева бүгінгі күні Парламентте ҚХА тобы құрылғанын, оның құрамында Парламентке депутаттықа сайланған 3 партияның да өкілдері барлығын, 21 адамнан тұратын депутаттық топтың отырыстарының нағыз үнқатысу алаңына айналғанын атап өтті. Сонымен бірге, депутат мемлекеттік жастар саясаты, Елбасы тапсырмаларын орындау, мемлекеттік басты мақсат – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру сынды мәселелердің топ назарында екенін жеткізді.
Мемлекеттік тілді үйрену мәселесін ортаға салған Н.Нестерева осы ретте республика бойынша орта мектептерде өтіп жатқан мемлекеттік тілді меңгергендер арасындағы конкурстың маңызына тоқталды. Мемлекет тарапынан тіл үйренуге жасалған мүмкіндіктерден тыс жекелеген адамдардың осы бағыттағы жұмысын айтқан шешен өз әріптесі, топ мүшесі, депутат Виктор Киянскийдің ассоциациялау арқылы тіл үйрену әдісінің тиімді екеніне де мән беріп өтті.
Мұнан соң брифингке қатысушылар журналистер тарапынан қойылған сауалдарға және өңірлерден on-line режімінде түскен сұрақтарға жауап берді.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
–––––––––––––
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27