Президент • 16 Маусым, 2022

Халықтың ашуын түсінуге болады - Қ.Тоқаев

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлытауда өтіп жатқан І Ұлттық құрылтайда айтты, деп жазады Egemen.kz.

Халықтың ашуын түсінуге болады - Қ.Тоқаев

«Азаматтарымыз саяси қолдауға ие болған кейбір адамдардың шектен тыс байып кететініне наразы. Оған қоса, олар байлықтарының қомақты бөлігін шетел асырып әкеткен. Халықтың ашуын түсінуге болады»

Сондықтан, менің Жарлығыммен Арнаулы мекемеаралық комиссия құрылды. Комиссияның міндеті – шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару. Бұл – өте күрделі жұмыс, ұзаққа созылуы мүмкін. Себебі, көптеген заңдық процедурадан өту керек. Бірақ, біз қалай болса да, бұл мәселемен мұқият айналысуымыз қажет. Әйтпесе, әділетті қоғам туралы сөз қозғаудың өзі қиын болады»