Спорт • 16 Маусым, 2022

15 жасар қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық ауыратлет Надежда Ли Мексикада жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

15 жасар қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

64 келіге дейінгілер арасында сынға түскен 15 жастағы отандасымыз қос сайыс қорытындысы бойынша 190 (85+105) келіні бағындырды.

Колумбиялық Ингрид Ванеса Сегуро Груесо (94+117) жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді. Ал Венесуэладан келген Кейли Каролина Сильва Фернандез (84+103) болса қола жүлдені қанағат тұтты.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар