Спорт • 17 Маусым, 2022

Қоланы қанағат тұтты

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сеул­де өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан қор­жы­нына тағы бір медаль түсті. Коман­да­лық сайыста сынға түскен Қазақ­стан әйелдер құрамасы қылыштасу бағ­дар­ламасында қола жүлде жеңіп алды.

Қоланы қанағат тұтты

Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Татьяна Приходько, Анастасия Гулик өнер көрсететін біздің команда ширек финалға дейінгі қарсыластарынан еш қиындықсыз басым түскен. Ширек финалда Гонконгпен өткен аса тартысты кездесуде жерлестеріміз 45:43 есебімен жеңісті жұлып алғанымен, жартылай финалда Оңтүстік Корея құрамасына дәл сондай жігер көрсете алмады. Жерлестеріміз жарыс қожайындарына 35:45 нәтижесімен есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ар­тем Саркисян қылыштасу бәсекесінде қола медальға қол жеткізіп, Қазақстан үшін 17 жыл күткен Азия чемпионатындағы жүлдені жеңіп алған еді.