Спорт • 17 Маусым, 2022

Олимпиадаға іріктеу басталады

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі аптада Моңғолияның бас шаһары – Ұлан-Баторда дзюдодан Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін Grand Slam жарысы өтеді.

Олимпиадаға іріктеу басталады

24 маусымда жалауы желбірейтін дүние­жүзілік додада Қазақстан құрамасының 20 балуаны өнер көрсетпек. Атап айтқанда, ерлер құрамасынан Бауыржан Нарбаев, Қанат Сейілхан (60 кг), Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Ерлан Серікжанов, Аңсар­бек Ғайнуллин (73 кг), Бекәділ Шаймерденов, Абы­лайхан Жұбаназар (81 кг), Ерсұлтан Мұзаппаров, Дидар Хамза (90 кг), Нұрлыхан Шерхан, Ислам Бозбаев (-100 кг) және Әділ Оразбаев (+100 кг) белдеседі.

Ал әйелдер сапынан Айбібі Әбужақынова (48 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг), Зере Бек­тасқызы, Екатерина Токарева (70 кг), Аруна Жан­гелдина (-78 кг), Назгүл Маратова, Камила Берліқаш (+78 кг) бозкілемге шығады.