«TheFinik құрылтайшыларына қатысты 300-ден астам адам арыз жазды. Келтірілген залал сомасы - 1,8 млн долларға жуық және 630 млн теңгеден астам. TheFinik пирамидасы - қаржы симуляторы. Ал, қатысушылар бұны сауда мен инвестициялауға арналған платформа деп есептеп, ақша салады. Компанияның өзі әлемдік биржалардың бірінде тіркелмеген», делінген Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомство мәлім еткендей, заңсыз әрекетке қатысы бар үш адам қамауға алынып, басқа да күдіктілер іздестірілуде.