Аймақтар • 17 Маусым, 2022

Атырауда тамақтан уланғандар саны 10-ға жетті

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда астан уланғандар саны 10 адамға жетті, оның 9-ы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда тамақтан уланғандар саны 10-ға жетті

Уланғандар қаладағы фаст-фуд әзірлейтін дүңгіршектен тауық етінен жасалған донер жеген. Инфекциялық ауруханаға түскен тұрғындардың арасында 1 жасар сәби де бар. Дәрігерлер қазір науқастардың жағдайы орташа екенін айтты.

Болған жағдайға қатысты қалалық Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, кәсіпкерлік нысан өз жұмысын уақытша тоқтатты.

«Қазір он адамның тоғызы инфекциялық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайлары бірқалыпты. Уланғандардың бәрінде дене қызуының температурасы 40-қа дейін көтеріліп, іш өту сипмтомдары болған»,  деді облыстық Санитарлық эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Әлия Бекешева. 

Еске сала кетейік, кеше Атырауда 9 адамның тамақтан уланғанын хабарлаған едік.