Әлем • 17 Маусым, 2022

АҚШ-тағы шіркеуде кісі өлімі болды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Алабама штатында орналасқан шіркеуге жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тағы шіркеуде кісі өлімі болды

Алабама полициясының мәлімдемесіне сәйкес, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18:00 шамасында Әулие Стивен шіркеуінің ішінде 3 адам оққа ұшқан.

Оқ атқандардың бірі қайтыс болып, тағы екеуі жараланып, ауруханаға жеткізілген. 

Шабуылға қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталды.