Биыл 150 жылдығын атап өтетін Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған үйдің іргетасы бұзылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қостанай облысы Жангелдин ауданына қарасты Сарытүбек ауылында Ахаң өмірге келген үйдің іргетасы бертінге дейін сақталып келген. Ахаңның көзіндей сол берік іргетасты мердігерлер бұзып тастаған. Орнына сапасыз таспен қабырға салмақ болған. Олардың бұл әрекеті жергілікті тұрғындардың ашуын тудырған еді.
«Мынау жерде Ахметтің бұрынғы үйінің ізі болған. Фундаменті қара шым аралас кесектен салынған еді. Мынау ара пешпен бөлінген еді. Сол пешпен бөлінген бұрышта Ахмет атамыз дүниеге келген болар деп ойлайтын едік. Ал бүгін сол белгінің астан-кестені шыққан. Ізі де қалмаған, дымы да қалмаған. Ахметтің өзімізде бар ең соңғы ескерткішінен айырылып қалып тұрмыз», деді Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны Жақсыбек Әбдісалық.
Жермен жексен болған аумақта былтыр екі бөлмелі үй тұрған. Оны ескерткіш ретінде тұрғындар 2009 жылы бастапқы кейпіндегі іргетастың үстінен салған.
Биыл мамыр айында үй қайта жаңғыртылады деп шешілді. Тендер жарияланып, мердігер жұмысқа кіріскен. Бірақ 22 млн теңгенің құрылысы орта жолда тоқтап қалды. Нысанда сапасыз материалдар пайдаланғаны туралы видеолар әлеуметтік желіге тарап, дау шықты. Содан кейін екі жақты ұйғарыммен жауапсыз мердігермен арадағы келісім үзілген. Оған бір тиын да төленбегендіктен іс сотқа жетпеді.
«Бұған дейінгісі саман кірпіштен қайта құйылған үй. Былайша айтқанда көріксіз, заман талабына сәйкес келмейтін, әрі қарай қалпына келтіруге мүмкіндігі жоқ үй болатын. Ол дәл Ахмет Байтұрсынұлының туған үйі емес. Соның іргесінің негізінде көтерілген үй. Үлкендердің, ауыл адамдарының айтуы бойынша қаланған үй. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлының туған үйі жер бетінен ысырылып қалды деуге келмейді. Тарихи шындыққа жанаспайды», деді Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Қазір сүрілген аумақ тегістеліп жатыр. Жаңа үйдің құрылысы жобаланып қойған. Қыркүйекке дейін салынып бітуі тиіс.
«Жоба бойынша құрылыс аумағы 149 шаршы метр. Тұрғын үйді музей үй етіп, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Жобасы 20 маусымда алынады. ПСД-ны жобалауға 1,2 млн теңге демеушілер атынан беріледі. Ал енді үйдің құны 37 млн боп тұр. Бұл экспертизаға дейінгі баға. Әлі де өзгереді», дейді Жангелдин ауданы құрылыс бөлімінің басшысы Әділбек Иманғалиев.
Ал Ахаңға арналған кесене керісінше сапалы, әрі Жаңаөзеннен әкелінген қымбат тастан салынып жатыр. Бұл жұмысқа Ақкөл мен Ахмет ауылы халқының бастамасымен жиылған 10 млн теңгеге жұмсалып жатыр. Құрылыс екі аптадан кейін аяқталады. Алыстан көз тартатын нысанның аумағы 70 шаршы метр болады. Ал биіктігі 7 метрден асады.
Цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Ауа райы • Бүгін, 11:55
Елорда әкімдігінің iKOMEK109 орталығына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:49
«Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
Қоғам • Бүгін, 11:40
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Елімізде коронавирус жұқтырған 528 адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:27
Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр
Білім • Бүгін, 11:15
«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады
Әлем • Бүгін, 11:07
Астаналық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Елорда • Бүгін, 10:53
Қазақстанда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:48
Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 10:40
Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
ТҮРІКСОЙ мен Отандастар қоры ынтымастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қоғам • Бүгін, 10:26
Петропавлда жалған хабарлама таратқан адам сотталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Шымкентте трансформатор өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:17
Жыл басынан бері 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
Қоғам • Бүгін, 10:08
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ұқсас жаңалықтар