Қаржы • 17 Маусым, 2022

Қор нарығында доллар қымбаттады

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қор нарығында доллар қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4, 55 теңгеге қымбаттады.

АҚШ долларының орташа бағамы 446, 87 теңге. Ұлттық банктің 17 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 442, 17 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446, 70 теңге, сатып алу – 451,10 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 447,61 теңгеден болса, сатып алу құны – 449,80 теңге.