Әлем • 17 Маусым, 2022

Мексикада мейрамхана меймандарын атып кетті

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикада мейрамханаға жасалған қарулы шабуыл салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мексикада мейрамхана меймандарын атып кетті

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға елдің солтүстігіндегі Чиуауа қаласында болған.

Қарулы адамдар мейрамханада болған бір топ адамды атып тастаған. Салдарынан 4 адам қайтыс болды. Олардың арасында әйелдер де бар. 

Бір адам ауыр жарақат алған. 

Куәгерлердің айтуынша, мейрамханаға жеті адам шабуыл жасаған. Құқық қорғау органдары қылмыскерлерді ұстау операциясын жүргізіп жатыр.