Президент • 17 Маусым, 2022

Халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамту бірінші кезектегі міндет - Тоқаев

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өтіп жатқан XXV халықаралық экономикалық форумда халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамту бірінші кезектегі міндет - Тоқаев

«Халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамту ішкі тұрақтылықты сақтаудың бірінші кезектегі міндеті және факторы болып қала береді. Сенімді азық-түлік жүйесін құру үшін инновациялық шешімдер мен озық технологияларды енгізіп, азық-түлік шығындарын азайту маңызды», деді Қазақстан Президенті.

Қ. Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін барлық қатысушы мемлекеттердің қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, ЕАЭО-ны қоса алғанда, ұлттық деңгейлерде де, өңірлік бірлестіктер аясында да әзірлеу керегін айтты.

«Ынтымақты жұмыс болмаса, осындай өте маңызды салада көзделген мақсаттарға жету қиын. Басқаша айтқанда, шектен тыс инфляциямен, азық-түлік тапшылығымен күрес – біздің ортақ міндетіміз. Қазір және таяу уақытта бізге бұдан маңызды мақсат жоқ, өйткені ол біздің азаматтарымыздың әл-ауқатына тікелей қатысты. Біздің мемлекеттеріміздің әлеуеті нарықтарымызды қажетті азық-түлік тауарларымен тұрақты және толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.