Президент • 17 Маусым, 2022

ЕЭАО аясындағы ынтымақтастық әлеуетін кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет - Тоқаев

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың барлық әлеуетін кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет. Бұл туралы Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕЭАО аясындағы ынтымақтастық әлеуетін кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет - Тоқаев

«Біздің кездесуіміз саяси және экономикалық құбылмалық артқан ерекше жағдайда өтіп жатыр. Пандемиямен және геосаяси шиеленістің артуымен байланысты жаһандық күйзеліс жаңа нақтылыққа алып келді. Жаһанданудың орнына барлық құндылығымен және табиғи кемшіліктерімен аймақтандыру дәуірі келді. Қалай болғанда да дәстүрлі экономикалық модельдер мен сауда бағдарларының қайта форматталу процесі жеделдей түсті. Әлем қарқынды түрде өзгеріп жатыр. Өкінішке орай, көп жағдайда жақсы жағына қарай емес. Көптеген елдегі инфляция ондаған жылдық рекордқа жетіп, әлемдік экономика өсімінің қарқыны баяулауда. Инвестиция мен ресурстарға бәсекелестік өткірлене түсті», деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, экономикалық өсімнің тежеуші факторы климаттың өзгеруі, миграциялық ағынның артуы, технологиялық өзгерістердің жеделдеуі болып тұр. Бұл процестердің бәрі назарымыздан тысқары өтіп жатқан жоқ. Жаңа шындық жағдайында әлемдік тәртіптің қарқынды өзгеріп жатқан құрылымын қаперде ұстаған жөн.

«Біздің өңірдің елдері осы қатерлердің бәріне дұрыс жауап тауып қоймай одан барынша пайда табуы маңызды. Сондықтан бізге Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың барлық әлеуетін кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше