Президент • 17 Маусым, 2022

Мемлекет басшысы: Алда бизнес-құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды күшейту керек

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды күшейту мен жаңа көлік-логистика дәліздерін құру міндеті туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Алда бизнес-құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды күшейту керек

«Алдағы онжылдықта Қытай, Үндістан, Таяу Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері сияқты дәстүрлі достастықтағы елдер біздің аймақтың экономикасында ірі инвесторлар бола алады. Қытай қазірдің өзінде Қазақстанның негізгі экономикалық және сыртқы сауда серіктесі болып отыр. Бұл ел соңғы 15 жылда біздің экономикаға 21 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Сондықтан Қытаймен көпжақты ынтымақтастықты тереңдету – біздің еліміз үшін аса маңызды міндет»,  деді Қазақстан Президенті Петербургтегі XXV халықаралық экономикалық форумда.

Қ. Тоқаевтың айтуынша, саяси сәттер ғана өзекті емес, алда бизнес-құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды күшейту, жаңа көлік-логистика дәліздерін құру міндеті тұр.

«Алға бастайтын инновациялық-технологиялық жобалар пулын жасау, үздіксіз көлік-логистикалық тізбектерді құру, түптің түбінде жаһандық экономиканың өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру бойынша бірлескен күш-жігердің келешегі бар», деді Мемлекет басшысы.