Президент • 17 Маусым, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте сот жүйесіне қатысты реформаларды жария етеді

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте сот жүйесіне қатысты реформалар топтамасын жария ететіндігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте сот жүйесіне қатысты реформаларды жария етеді

«Құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты айтар болсам, қыркүйекте сот жүйесін қайта пішімдеумен байланысты реформалардың жаңа топтамасын жария ететін боламын. Бұл - Қазақстан үшін өзекті проблема. Қазір полиция қызметін реформалау жүріп жатыр. Ол қиындықпен өтуде. Бұл – реформа. Дегенмен, түптеп келгенде біз табысқа қол жеткіземіз. Бастысы – саяси ерік-жігер және ел азаматтарының қолдауы», деп атап өтті Қазақстан Прездиенті Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында.

Мемлекет басшысы еліміздің құқық қорғау саласында солқылдақ тұстың да болғанын жасырмады.

«Біресе ізгілендірдік, енді бірде қатаңдаттық. Не қалайтынымызға қатысты түсінік болмады. Қазір біз азаматтарымыздың қажеттілігіне нақты негізделген «оңтайлы тұсты» таптық, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің атап өтуінше, азаматтар полицейлерден сатылмайтын қорғаушыны көргісі келетінін баса айтты.