Аймақтар • 18 Маусым, 2022

Семейде Ертіс жағасынан дәрменсіз бұлан табылды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 маусымда әлеуметтік желілерде Қасиетті бұлақ ауданында, Ертіс өзенінің жағалап жүрген бұланның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz semeynews.kz сайтына сілтеме ждасап.

Семейде Ертіс жағасынан дәрменсіз бұлан табылды

«Семей орманы» резерватының өрт сөндіру стансасының жеке құрамы жедел түрде анасынан адасып қалған бұланды іздеуге кіріскен.

«Орманшылар бұланды ізі арқылы күн батқанда тапты, оны тамақтандырып, түнеуге қалдырды. Таңертең бұланды одан ары бағып-қағу үшін биологиялық орталыққа тапсырды. Себебі бұлан әлсіз болды, қорыққан жануарды қайтадан орманға жіберу, оның өмірін өлімге тігумен тең», деп түсіндірді резерват қызметкерлері.