Әлем • 18 Маусым, 2022

Британдықтар елдегі қымбатшылыққа наразы

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания астанасында сенбі күні елдегі бағаның өсуін айыптаған акция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Британдықтар елдегі қымбатшылыққа наразы

Тред-юниондар конгресі (TUC) ұйымдастырған акцияға қатысушылар инфляцияның өсуі байланысты үкіметтен жалақыны көтеруді талап етті. 

Шеру Портленд-Плейде басталып, Парламент алаңында аяқталды. 

Шерушілер қолдарына «Жетеді!», «Жалақыны көбейтіңіз, есепшоттарды азайтыңыз!», «Барлығы үшін қауіпсіз үй!» деген жазуы бар плакаттарды ұстап шыққан. 

Кейбір қатысушылар үкіметке қарсы ұрандар айтты.