Талибан үкіметі Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Нафи Такур қанды оқиғаның Карте-и Парван ауданында таңғы уақытта болғанын айтты.
Оның айтуынша, операция барысында шабуыл жасағандар жойылды. Осы оқиға кезінде ғибадатхананың бір бөлігі өртеніп, жақын маңдағы ғимараттар бүлінген.
Куәгерлердің айтуынша, шабуыл индустар мен сикхтер діни рәсімдерді өткізіп жатқан уақытта жасалған.
Талибан ғибадатханаға апаратын барлық көшелерді жауып тастады. Шабуыл үшін жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.