Спорт • 19 Маусым, 2022

UFC: Дамир Исмағұлов Гурам Кутателадзеден басым түсті

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 жастағы тегі қазақ ресейлік файтер Дамир Исмағұлов 30 жастағы швед Гурам Кутателадзеден басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Prosportz.kz-ке сілтеме жасап.

UFC: Дамир Исмағұлов Гурам Кутателадзеден басым түсті

18 маусымнан 19 маусымға қараған түні Остин қаласында (АҚШ, Техас) UFC ESPN 37 турнирінде Дамир Исмағұлов швед-грузин файтері Гурам Кутателадзеге қарсы жетекші промоушендегі бесінші жекпе-жегін өткізді. Олардың жекпе-жегі жеңіл салмақта өтті.

Үшінші раунд қорытындысы бойынша Дамир төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды.