Оқиға • 19 Маусым, 2022

Шымкентте аурухана ауласында баллон жарылды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында облыстық клиникалық аурухана ауласында көмір қышқыл газы сақталған баллон жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Шымкентте аурухана ауласында баллон жарылды

«Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» басқару пультіне 2022 жылғы 17 маусымда сағат  13:04-те қатты тарсыл естілгені туралы хабарлама келіп түсті. Кейін белгілі болғандай, Әл-Фараби ауданы Майлы Қожа көшесі бойында орналасқан облыстық клиникалық аурухананың ауласында ашық жерде көлемі 20 ш.м. құрайтын бастырманың астында 1 дана көмір қышқыл газ сақталған баллон жарылған. Өрт шыққан жоқ. Жоғары ранг бойынша шақырылым расталмады», деп жазылған Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінен 21 адам және 5 техника жұмылдырылған.