Ауыр атлетика • 20 Маусым, 2022

Жалпы есепте топ жарды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың Леон қаласында ұйым­дас­тырылған ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер ара­сындағы әлем чемпионаты қазақ­стандық спортшылар үшін табысты аяқталды.

Жалпы есепте топ жарды

Мұхиттың арғы бетінде өткізілген додада Қазақстан құрамасының тоғыз спорт­шысы өнер көрсетіп, соның жетеуі жүл­дегерлер қатарынан көрінді. Атап айт­қанда, Ерасыл Сәулебеков (67 кг), Едіге Емберді (73 кг), Денис Полубояринов (81 кг) және Никита Абдрахманов (102 кг) Мек­сикада Әнұранымызды шырқатса, Надежда Ли (64 кг) күміс, Ерасыл Омаров (55 кг) пен Александра Беленко (40 кг) әлем чем­пио­натының қола жүлдесін жеңіп алды.

Осылайша, бір аптаға жалғасқан жас­өспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар төрт алтын, бір күміс және екі қола медальмен жалпыкомандалық есепте топ жарды. Сондай-ақ төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль олжалаған Колумбия спортшылары екінші орынға ие болса, екі алтын, үш күміс, үш қола жүлде жеңіп алған Түркия құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Мексикадағы чемпионатта барлығы 22 елдің өрендері жүлдеге ілікті.