Спорт • 20 Маусым, 2022

Бесінші жеңісіне қол жеткізді

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Орынбор өлкесінде туып-өскен қандасымыз Дамир Исмағұлов АҚШ-тың Остин (Техас штаты) қаласында өткен UFC on ESPN 37 турнирінде жеңіске жетті.

Бесінші жеңісіне қол жеткізді

Жеңіл салмақта өнер көрсететін 31 жастағы Дамир Исмағұлов Швеция туы астында бақ сынаған грузиялық Гурам Кутателадзеден төрешілердің бірауыз шешімі бойынша басым түсті. Кездесудің бірінші раунды Кутателадзенің пайдасына аяқталғанымен, екінші және үшінші раундта басымдық танытқан Дамир Исмағұлов қарсыласынан айласын асырды.

Айта кетейік, Исмағұлов кештің басты кардында бірінші мәрте өнер көрсетіп, бесінші жеңісіне қол жеткізді. Дамир мүлде жеңілмеген. Кутателадзе болса екінші айқасын өткізіп, бірінші мәрте жеңілістің кермек дәмін татты.