24 Сәуір, 2014

Ақтөбеде мешіттің бұрынғы бас имамы абайсызда кісі өлтірді

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-14-AKTOBE-KUREK

АҚТӨБЕ. 24 сәуір. Ақтөбе облысында бір мешіттің бұрынғы бас имамы болған азамат өзінің жақын туысын күрекпен ұрып, мұның соңы кісі өлімімен аяқталды. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады. Аталған оқиғаны тарата айтар болсақ, 34 жастағы марқұм Ернұр Атыраубаев Ойылдағы Көкжар мешітінің бұрынғы имамын жиі мазалап, тынышын алады екен. Содан шыдамы шегіне жеткен имам Алтынбек Кәкиев жақын ағайыны болып келетін оны күрек сабымен бірнеше мәрте ұрады. Соның салдарынан Ернұр Атыраубаев оқиға орнында тілге келмей қайтыс болады. Осы жәйтке байланысты Ойыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев: «Ернұр Атыраубаев ауруханаға әкелгенде жаны шығып кеткен. Оның көз жұмғандығын ғана растадық. Сосын тәртіп сақшыларына түсіндіріп, тиісті құжаттарды толтырып бердік», – депті. Қазір Алтынбек Кәкиев тергеу абақтысына жабылды. Өз қолымен істегенін мойындады. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1972 жылы туған Алтынбек Кәкиевтің үстінен Қылмыстық кодекстің 109-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Bnews.kz. Фото: Slando.ua.